Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Бұл жергілікті тұрғын, жұмыссыз жігіт болып шықты. Анықталғандай, күдікті банктік өтініш арқылы тауарды сатып алу-сату мәмілелерін жасаймын деп бір айдың ішінде алаяқтық жолмен 20 миллион теңгені алып кеткен. Алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазір ер адам қамауға алынды, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарға жеке деректерін немесе банк картасының кодтарын ешкіммен бөліспеуге кеңес береді.