Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2022

Шымкентте қайтыс болған студенттің өліміне күдіктілер ұсталды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполис полицейлері жатақханада қайтыс боған студенттің өліміне күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте қайтыс болған студенттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан жәбірленуші кенеттен өзін нашар сезіне бастаған. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеген. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.