Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында 13 ауылда мобильді интернет жоқ

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың соңына дейін екі елді мекенде байланыс станциялары қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында 13 ауылда мобильді интернет жоқ

Шалғай ауылдарда халық саны аз болғандықтан, операторлар ғаламтор желісін тартуға асықпайды. Енді бұл мәселені шешу мақсатында жоба әзірленді. Кешенді жоспар аясында байланыссыз отырған жерлерде геостационарлық емес, спутниктік технологияны қолдану жоспарланған.

Сала мамандарының айтуынша, жоба 2025 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Алдағы жылдары аймақта, ұялы байланыс сапасы айтарлықтай артып, өңірдегі 300-ден астам елді мекен тұрғындарына қолжетімді болады.

«Әзірге мобильді байланыс 1200 халқы бар тағы 11 ауылда жоқ. Байланыс операторлары бұл елді мекендерді мобильді инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына қосуды жоспарға енгізбеген.  Қазіргі уақытта ауылдарды геостанционарлы емес спутниктік жүйелердің көмегімен интернетпен қамту қарастырылуда. Келіссөздер жүргізілуде», дейді облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Дархан Мырзабаев.