Бұл кездесу - Магомед Адиев шәкірттері үшін 2022 жылғы Ұлттар лигасындағы соңғы матч.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский баспасөз мәслихатына қатысып, Әзербайжан құрамасының осал қарсылас еместігін айтты.
- Жігіттер ұйымдасқан түрде ойнайды. Ия, бізге ешқандай қысым болмайтыны рас. Бірақ соңына дейін күресіп, бас бапкердің осы ойынға арналған жоспарын орындауға тырысамыз. Әзербайжанның оңай қарсылас емес екенін алғашқы матчта байқадық, - деді ол.
Айта кетейік, Бакуде өтетін Әзербайжан – Қазақстан ойыны Астана уақытымен 21:50-де басталады.