«Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері көрсете бастады, әрі қарай жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірге жүргізілді. Бастапқыда жүрек жұмысы қалпына келтірілген, синус ырғағы пайда болды, 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдемде жүргізілді. Соған қарамастан Рүстем Садықов сағат 10:15-те қайтыс болды. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады», деді жарыстың бас дәрігері, О. Сахов.
Марқұмның жақындарының айтуынша, ол жүгіру шарасына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол сәуір айында Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында 10 км қашықтықта жүгірген.
Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.