Спорт • 25 Қыркүйек, 2022

Волейболдан Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волейболдан Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Волейболдан Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды

Қазақстандық волейболшылар АҚШ құрамасымен шеберлік байқасқан еді. Алғашқы сетте олар қарсыласына 16:25 есебімен жол берсе, екінші сетте тағы да 13:25 есебімен ұтылды. Волейболшыларымыз үшінші сетте де 12:25 есебімен жеңілді. Осылайша, ел құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен жеңілді.