Әлем • 26 Қыркүйек, 2022

Филиппинде «Нора» супер тайфуны басталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нора» супер тайфуны Филиппинді басып қалды. Желдің екпіні 200 км/сағ дейін жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Филиппинде «Нора» супер тайфуны басталды

Циклон жексенбі күні Лусон аралына жеткен. Метеорологтардың айтуынша, дауыл күшейген.

«Нора» супер тайфуны елдің халық тығыз орналасқан аудандары арқылы өтеді деп күтілуде, оның жолы ел астанасы Маниладан 80 км қашықтықта орналасқан. Циклон таяу күндері Вьетнамға жетеді деп болжануда.

Филиппин билігі ең қауіпті аймақтардың, ең алдымен, жағалаудағы аудандардың тұрғындарын алдын ала эвакуациялауға кірісті. Мамандар оның биылғы ең күшті тайфун болатынын ескертті.

Олар Манилада өткен жылдың желтоқсан айында елдің орталық және оңтүстік аймақтарында болған супер тайфунның қайталануынан қорқады. Ресми мәліметтер бойынша, ол апаттан 400-ге жуық адам көз жұмған.