Сыртқы істер министрлігі ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының квазимемлекеттік аумақтарының Ресейге қосылуы бойынша өткен референдумға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтау принциптерін қолдайды. Мемлекет басшысы бірнеше рет, соның ішінде жақында БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңызды екенін нақты айтты», деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Аталған Жарғы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау қағидаларына негізделген.
«Сондықтан біз саяси диалог орнатуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді растаймыз. Бұл ретте еліміз өңірлік деңгейде де жаһандық деңгейде де тұрақтылықты сақтауды ең маңызды міндет деп санайды», деді А.Смадияров.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесуінде: «Егер ұлттардың өзін-өзі айқындауына жол берілсе, онда жер шарында БҰҰ-ға кіретін 193 елдің орнына 500-600 мемлекет пайда болар еді», деген болатын.
«Сол себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, біз квазимемлекеттік аумақ боп есептелетін Донецк пен Луганскке қатысты да осы принципті ұстанамыз», деген сол кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, жұма күні ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Бүгін, 22:53
Аймақтар • Бүгін, 22:48
Қоғам • Бүгін, 22:39
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Бүгін, 22:39
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Білім • Бүгін, 22:35
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Бүгін, 22:29
Қоғам • Бүгін, 22:27
Қылмыс • Бүгін, 22:25
Тарих • Бүгін, 22:19
Симфонияға барғанда... немесе маэстро Коки Гонгуй Янг не дейді?
Өнер • Бүгін, 22:16
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Бүгін, 22:14
Театр • Бүгін, 22:12
Әдебиет • Бүгін, 22:07
Әдебиет • Бүгін, 22:05
Әдебиет • Бүгін, 22:03
Поэзия • Бүгін, 22:00
Аймақтар • Бүгін, 21:58
Экология • Бүгін, 21:57
Жеңіл атлетика • Бүгін, 21:54
Жәдігер • Бүгін, 21:53
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 21:49
Спорт • Бүгін, 21:47
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Бүгін, 21:46
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 21:45
Қоғам • Бүгін, 21:38
Елордалық филармония көрермендерге 100-ден астам концерт ұсынады
Елорда • Бүгін, 21:22
«Халық қатысатын бюджет»: әкімдіктер өтініштерді қабылдай бастады
Елорда • Бүгін, 20:50
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Бүгін, 20:22
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:08
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Бүгін, 19:42
ҚазҰУ мен Лондон университеттері арасында меморандумға қол қойылды
Қоғам • Бүгін, 19:07
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады
Білім • Бүгін, 18:50
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді
Саясат • Бүгін, 18:37
Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтады
Шахмат • Бүгін, 18:27
Ермек Көшербаев Ресейдің жетекші ЖОО басшыларымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:06
Қазақстан мен Әзербайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 17:54
Қазақстанда түсік жасататындар саны азайған
Қоғам • Бүгін, 17:46
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан • Бүгін, 17:33
«Balapan» телеарнасының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:27
Түркістан облысында 25 жыл бұрын хабарсыз кеткен шетелдік табылды
Оқиға • Бүгін, 17:23
Ұқсас жаңалықтар