Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022

Президенттікке өз кандидатурасын ұсынған әзірге ешкім жоқ - ОСК

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 23 қыркүйектен бастап Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды ұсыну басталды. Алайда әзірге бірде-бір өтініш түскен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттікке өз кандидатурасын ұсынған әзірге ешкім жоқ - ОСК

«Бүгінге дейін ешкім өзінің кандидатурасын ұсынған жоқ, бірде-бір қоғамдық бірлестік әлі өзінің съезін немесе конференциясын өткізген жоқ», деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Бұған дейін кандидаттарды ұсыну 11 қазанға дейін жалғасатынын хабарлаған едік. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

Сондай-ақ ОСК партиясыз қазақстандықтардың Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер бола алатынын түсіндірді.

Кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50