АСТАНА. 18 мамыр. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің басшылығымен өнеркәсіптік даму бойынша комиссия жұмыс істейтін болады. Ол мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің жұмысын қадағалайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Әсет Исекешев Үкімет басшысының төрағалығымен өнеркәсіптік даму бойынша комиссия құрылғанын айта келе: «Бұл орган индустриаландыру бойынша барлық жұмысты үйлестіреді. Индикаторлар мен тиімділіктің негізгі көресткіштері енгізіледі, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық негізде мониторинг жасалады. Әрине, бұл үйлестіру комиссиясы барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, әкімдіктердің жұмысын мұқият талдап, ол үшін барлық қажет шараларды қолданады. Комиссия есебі Үкімет Мемлекет басшысының алдында есеп бергенде жылына екі рет жарияланады», – деді.
Сондай-ақ, ол мемлекет пен кәсіпкерлік арасында жауапкершілік жүгін нақты бөлу қарастырылатын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекет ірі жобаларды, сонымен бірге, мемлекет жол салу, субсидия беру сынды міндеттемелерді өз мойнына алады. Осылайша, атқарушы билік өз міндеттемелеріне жауапты болса, бизнес өнім мен жобаның сапасына жауапты болмақ. Бұл үшін арнайы инвестициялық келісім түзіледі.
Мемлекет пен бизнес арасындағы жауапкершілікті бөлудің шарттары бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен әкімдіктер аймақтардағы жобаларды талдап, іріктейді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: primeminister.kz.
• 18 Мамыр, 2014
Елімізде өнеркәсіптік даму бойынша комиссия құрылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше