Комитеттің мәліметінше, 1988 жылы туған Артем Казанцев - Ижевск мектебінің түлегі.
Ол мектепке қару кіргізіп атыс шығарғаннан кейін өзіне қол жұмсады.
«Алдын ала ақпарат бойынша оның нацистік символика мен қара балаклава кигені анықталды. Оқиға орнында қылмыскердің құжаттары табылған жоқ», делінген Ресей СК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін Ижевск мектебіне қарулы адам кіріп, атыс ұйымдастырған.
«Жантүршігерлік оқиғада 13 адам қайтыс болды, оның жетеуі - кәмелет жасына толмаған балалар. Сондай-ақ 14 бала және 7 ересек адам жарақат алған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат әлі де нақтылануда», деп қосты ведомство.