АСТАНА. 18 мамыр. Индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған бағдарлама шеңберінде отандық автозауыттар жылына 190 мың жеңіл көлік шығарады деп күтілуде. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі жиында Үкімет басшысының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев автомобиль жасау саласының алдында өндіріс көлемін жылына 37 мыңнан 190 мың автомобильге, экспортты 30 пайызға дейін жеткізу міндеті тұрғанын сөз етті.
Оның сөзіне қарағанда, индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасы аясында өңірлер бойынша өнеркәсіптің дамуы және таяу бес жылда қандай да бір салаларды дамыту бойынша облыстардың әлеуетті мүмкіндіктері алғаш рет талданған.
Сондай-ақ, кластердердің бірнеше түрін өрістету де жоспарда бар.
Брифингте белгілі болғандай, мемлекеттік көмектің шамамен 80 пайызы басымдықты салаларды дамытатын кәсіпорындарға беріледі.
Мамырдың соңына дейін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы Президент әкімшілігі қарауына жолданбақ. Бұл жөнінде Ә.Исекешев: «Қазір 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы әзірленуде. Осы айдың аяғына дейін бағдарлама Президент әкімшілігі қарауына жіберіледі», – деді.
Министрдің айтуынша, екінші бесжылдықтың бағдарламасын осы жылы аяқталғалы тұрған бағдарламаның жалғасы деп білу керек. Алдағы бесжылдықта басымдық берілген салалардың саны аз болатын көрінеді. Олардың қатарында мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін шығару, машина жасау, құрылыс заттары мен металлургия салалары бар.
Бұл бағдарламада кластерлерді дамыту және инновациялар мен технологиялық жаңғыртуға мейілінше көбірек көңіл бөлінбек.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: Voxpopuli.kz.
• 18 Мамыр, 2014
Өзіміздің автозауыттар жылына 190 мың көлік шығарады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше