Оқиға • 26 Қыркүйек, 2022

Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Судья Нұрлан Баяхметовтің үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

Коллажды жасаған автор

Сот үкімі бойынша Қайрат Сатыбалдының дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Антикор Қайрат Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-ның аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған.

Кейін Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, «Қазақтелекомға» 12 миллиард теңге өтейтін болды. Сондай-ақ күні кеше оның аса сенімді адамы - 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Эфенди Кемальға іздеу жарияланды.