Фото: Zakon.kz
ЖКО қатысушыларының бірі айтып өткендей, №65 бағдарлы автобус Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Оның алдында Kia Sportage, Kia Optima және «Газель» маркалы автомобильдері болған.
Автобус жүргізушісі Kia Sportage-дің артқы қанатына тиіп, жеңіл көліктің айнасын сындырған. Кейіннен ол Kia Optima-ға соғылған. Аталған көліктің жүргізушісі жол жиегінен ұшып шығып, арық бойына тоқтаған. Артынан автобус жүргізушісі «Газельге» соғылған.
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді тексеріп шықты.
Қазір жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.