18 Мамыр, 2014

Футбол. Премьер-лига: 12-тур ойналды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-05-14-futbol-1

АСТАНА. 18 мамыр. Бүгін Қазақстанның 6 қаласында футболдан Қазақстанның премьер-лига командалары арасындағы чемпионаты 12-турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турда екі ірі есеп тіркелді. Олардың бірінде «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 4:0 етіп ұтса, Павлодардың «Ертісі» Семейдің «Спартагы» қақпасына жауапсыз 5 гол соқты. Тағы екі команда жеңіс тойын тойлады. «Қайрат» Алматыда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:1 етіп ұтты. Ал Қызылорданың «Қайсары» Таразда жергілікті команданы 1:0 етіп тізе бүктірді. Қалған екі ойында жеңімпаздар анықталмады.  Осылайша «Астана» - «Ордабасы» 1:1 есебімен тең ойнаса, Қостанайда «Тобыл» мен «Атырау» кездесуінде есеп ашылмады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Sports.kz.