АСТАНА. 19 мамыр. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Вьетнам, Жаңа Зеландия, Кеден одағы және Еуропалық еркін сауда қауымдастығы мемлекеттерімен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Әлия Әлімбетова: «Инвестициялар мен сауда қатынастарын дамыту мақсатында Кеден одағы елдерімен еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасап жатырмыз. Бұл еркін сауда аймағын құруға Вьетнам, Жаңа Зеландия, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдері:Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн және Исландия қатысады», – деді.
Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер нәтижесінде инвестициялар тартуға, сыртқы сауда қызметін дамытуға және қазақстандық өнімдердің белгіленген елдердің нарықтарына шығуына қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа құжатқа қол қою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.
Қазақстан – қазіргі кезде Еуропалық одақпен тың байланысқа шыққан Орталық Азиядағы жалғыз ел.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: News.headline.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше