АСТАНА. 19 мамыр. Санкт-Петербургтегі Астана күндері жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов: «Санкт-Петербургтың Астана қаласындағы күндері және Астананың Санкт-Петербургтегі күндері аса маңызды шаралар. Олар халықтардың рухани әлемімен терең танысуға мүмкіндік береді», – деді. Айтулы шара кезінде питерліктер еліміздің мәдениетімен терең танысты. Арнайы құрылған этноауылда келушілерге ұлттық тағамдарымыз ұсынылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындары жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.
Бұдан бөлек, «Астана» сауда-іскерлік кешенінің құрылысы жүргізілетін орынға капсула салынды. Бұл кешен екі жақтың серіктестік қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, өзара құрметті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді деп есептелінуде.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, аталған мәдени күндер шеңберінде Санкт- Петербург тұрғындары «Жусан иісі» атты бейнелеу өнері көрмесін тамашалады. Мұнда жұртшылық ұлттық рухымыз бен оның ерекшеліктеріне назар аударды. Көпшілік назарына қазіргі заманғы қазақстандық суретшілердің еңбектері ұсынылды. Ал «Аstana Ballet» кешінде Қазақстанның ұлттық хореографиясы көрсетілді. Концертте «Қарлығаш», «Аққу», «Қыз Жібек», «Шаттық», «Қазақ вальсы» және тағы басқа да билер орындалды.
Сонымен қатар, Астананың Санкт- Петербургтегі күндері аясында «Smart Astana» жобасын инвестициялау перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, астаналықтар «Славян жәрмеңкесі» фестивалі мен «Петергоф» мемлекеттік мұражайымен танысты.
Шара барысында екі қала басшылығы екі жылға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.
• 19 Мамыр, 2014
Астананың Санкт-Петербургтегі мәдениет күндері аяқталды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше