Президент • 27 Қыркүйек, 2022

Президент Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасына айрықша еңбек сіңірген тұлғаларды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстанға еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • I дәрежелі «Барыс» орденімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;
  • IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;
  • «Парасат» орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;
  • «Парасат» орденімен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;
  • «Шапағат» медалімен «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.
Соңғы жаңалықтар