Жаңа зауыт тәулігіне 100 текше блок шығарады деп күтілуде. Алдағы уақытта жылына 1,5 млн. өнім өндіретін қуаттылыққа шығу жоспарланып отыр. Мұнда 30 жұмыс орны ашылған, ал жалпы инвестиция көлемі - 200 млн теңгені құрайды.
«BARS TECHNOLODGIES» зауытының директоры Ирина Ханның айтуынша, бұл - компанияның «Талдықорған» индустриалды аймағында ашып отырған екінші нысаны.
«Біздің алғашқы зауытымыз 2017 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, онда сағатына 200 текше бетон шығарылады. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді. Газ блок өндіретін кәсіпорын салу дайындалған бизнес-жоспардың жалғасы болатын. Әзірге 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Өнім шығару көлемін арттырған кезде 80 адамға дейін жұмысқа тартамыз, инвестицияы көлемін 800 млн теңгеге дейін ұлғайтамыз деген жоспарымыз бар», деп атап өтті ол.
Кәсіпорын өзінің алғашқы тапсырыстарын қабылдап үлгерді, қазір оларда шығарылған жоғары сапалы қабырға блоктары облыс орталығындағы көп қабатты үйлерді салуда қолданыла бастады.