19 Мамыр, 2014

Қостанай облысында жоқ іздеген жігіт өзеннен атпен жүзіп өтемін деп суға кетті

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

torgai01ҚОСТАНАЙ. 19 мамыр. Қостанай облысы Ә.Жангелдин ауданындағы Сужарған  ауылының тұрғыны  Торғай өзеніне  суға  кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Ә.Жангелдин ауданындағы Маусымбек қыстағы маңында жайылатын  жылқыларын таба алмаған 1977 жылы туған азамат жоғын өзеннің арғы жағынан  іздемек болады. Содан ол атымен Торғай өзенінен жүзіп өтуге бекінеді. Сәлден кейін ауыл тұрғындары  өзеннің арғы  бетіне  аттың ғана шыққанын байқап қалады да,  жылқышының суға кеткенін түсінеді.

Ауыл азаматтары жоқ қараған жігіттің өлі денесін судан бірер сағаттың ішінде тауып, шығарып алады.

Марқұмның денесі Арқалық  қалалық ауруханасына санитарлық-медициналық сараптауға жіберілді.

Нәзира Жәрімбетова.

Дереккөз: egemen.kz.

Фото: docdat.com.