Елорда • 27 Қыркүйек, 2022

Елордада «OTBASY DUATLON 2022» байқауы өтеді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 қазанда елордалық Триатлон паркінде балалар жылына арналған «OTBASY DUATLON 2022» жарысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада «OTBASY DUATLON 2022» байқауы өтеді

Тіркеу нөмірлері 2 қазанда сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін беріледі. Жарыстарға қатысуға 8 жастан 9 жасқа дейінгі, 10 жастан 11 жасқа дейінгі және 12 жастан 13 жасқа дейінгі жас санатындағы балалар жіберіледі. Ал ата-аналардың жасы маңызды емес.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізіледі. Қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 км құрайды.

Әкелер сөре сызығынан 2,1 км қашықтықты бірінші болып жүгіріп өтеді, олар эстафеталық таспаны аналарға береді және транзиттік аймақта күтеді.

2,1 км велосипедпен екінші болып эстафетаны балаларға беретін аналар өтеді.

Үшінші жүгіріс мәреге дейін 200 м (8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас) жетеді. 

«Жеңімпаздар I, II, III кезеңдерді аяқтаған отбасылар болады. Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты еңсеруге жұмсалған уақыт бойынша анықталады. Барлық қатысушылар жарысқа қатысқаны үшін медальдармен марапатталады. Үздіктер I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, атап айтқанда: теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт-сағат, велосипедпен марапатталады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатысушыларға «Dodo» мейрамханасының арнайы сертификаттары мен «GALANZ bottlers» компаниясы ұсынған «Sevens» суы таратылады.

Отбасылық жарысқа тіркелу үшін келесі телефондар арқылы хабарласу қажет: 87470545900 Дарын, 87079778001 Ризабек.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед ойнатылады.