Елорда • 27 Қыркүйек, 2022

Астанада жылу беріле бастады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар, атап айтқанда, медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар мен спорт нысандары жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жылу беріле бастады

Әкімдік 30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылатынын қоса хабарлады.

Айта кетсек, елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.

Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермес үшін компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша арнайы желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.