19 Мамыр, 2014

«Электрондық үкіметті» дамыту деңгейі бойынша 38-орындамыз

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
askar02АСТАНА. 19 мамыр. БҰҰ рейтингісі көрсетіп бергендей, 190 елдің арасында Қазақстан «электрондық үкіметті» дамыту деңгейі бойынша 38-орынға ие болды. ASTEX-2014 ақылды технологиялар көрме-конференциясының ашылуында  Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Жиында Асқар Жұмағалиев: «Электрондық үкіметті» дамытуда Қазақстан БҰҰ шолуына сәйкес 190 елдің арасында 38-орында тұр. Ал электрондық қатысуды дамыту бойынша біздің ел 2-орынды Сингапурмен бөлісті», – деді. Агенттік төрағасының айтуынша, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында айтарлықта табыстарға қол жеткізілген. Осы орайда ол: «Жақсы көрсеткіштерге қарамастан, әлі де тынбай еңбек ету қажет, яғни, Мемлекет басшысы қол қойған үлкен бағдарлама аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жаңа нәтижелерге жету керек», – деп сөзін сабақтады. Агенттік басшысының сөзіне сүйене сөйлесек, бүгінгі таңда еліміздегі виртуалды коммерция айналымы шамамен 600 млн. долларға жеткен. Бұл әрине, өте жақсы көрсеткіш. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: primeminister.kz.