Әлем • 27 Қыркүйек, 2022

Грузияға келген ресейліктердің саны артты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның Ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури күн сайын 10 мыңға жуық ресейлік шекарадан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Грузияға келген ресейліктердің саны артты

Грузияның ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури республиканың Ресеймен шекараны жабуға ешқандай негізі жоқ екенін мәлімдеді.

«Ресей азаматтары бірнеше жылдар бойы Грузияға еркін келіп жатыр, сондықтан біз бұл процеске кедергі келтірмейміз», деді Вахтанг Гомелаури.

Үкімет шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейту жөнінде шаралар қолданатыны хабарланды.