Футбол • 28 Қыркүйек, 2022

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен тең ойнады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Минск қаласында өткен оқу-жаттығу аясында 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы кезекті жолдастық ойынын Беларусь командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен тең ойнады

Кездесудегі екі гол да бірінші таймда соғылды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынның 32-минутында есеп ашса, алаң иелері араға он минут салып Егор Карпицкий соққан голдан кейін таразы басын теңестірді. Матч 1:1 есебімен аяқталды. 

Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов командасы Ресей жастарымен жолдастық матч өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.