Оқиға • 28 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында заңсыз ойын мекемесі анықталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Покер» құмар ойынына арналған астыртын клубты заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында заңсыз ойын мекемесі анықталды

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ ойын карталары, фишкалар және ойынның басқа да атрибуттары табылып, тәркіленді», делінген ведомство ақпаратында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.