Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022

Тұрғын үй нарығында алаяқтар пайда болды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда пәтерлерді жалға алуға деген сұраныстың артуына байланысты алаяқтық фактілері көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үй нарығында алаяқтар пайда болды

«Алаяқтар тұрғын үйді жалға беруге арналған сайттарға өз сілтемелерін орналастыра бастады. Іс жүзінде бұл сілтемелер пайдаланушылардың деректерін ұрлайтын фишингтік ресурстарға әкеледі», деді «Крыша» порталының өкілдері.

Мамандар қосымшаларға немесе сайттарға тіркелу үшін тек ұялы телефон нөмірі қажет екенін айтады. Банк картасы тек қосымша ақылы қызметтерді қосу қажет болған жағдайда байланады.