Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022

Ақтөбедегі оқушылар туберкулезге қарсы қайта вакцинацияланады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі бойынша қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбедегі оқушылар туберкулезге қарсы қайта вакцинацияланады

Ведомство өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытта бұл факті бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар Комиссия құрылды. Комиссия мүшелері эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Еске сала кетсек, осы жылдың 13 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының №74 жалпы білім беретін орта мектебінде туберкулиндік диагностикаға жататын бірінші сынып оқушыларына манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі орын алды.

«Мектеп бойынша профилактикалық екпелерді жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың («Медикус орталығы» ЖШС) дәрігері мен мейіргері тағайындалды. Аталған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілді. Балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда», делінген министрлік хабарламасында.