Тиісті мәлімдемені Мәскеудегі Америка елшілігі жариялады.
«АҚШ азаматтары Ресейге бармауы керек, ал Ресейде тұратын немесе саяхаттауға аттанған адамдар коммерциялық сапарлар үшін шектеулі мүмкіндіктер болған кезде Ресейден дереу кетуі керек», делінген елшілік хабарламасында.
Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдік Ресейде әскери жартылай жұмылдыру жарияланғандықтан, қос азаматтығы бар адамдар әскерге шақырылуы мүмкін екенін ескертті.
Елшілік қызметкерлері отандастарын Ресей Федерациясына жоспарланған сапарлардан бас тартуға шақырады.