Президент • 28 Қыркүйек, 2022

Барлық міндеттер «алашапқынсыз» шешілуі тиіс - Президент

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық міндеттер «алашапқынсыз» шешілуі тиіс - Президент

«Барлық міндеттер тез, әуре-сарсаңсыз, жауапкершілікті бір-біріне сілтейтін ведомстволар арасындағы «алашапқынсыз» шешілуге тиіс. Бастысы – нақты белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Ол үшін жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет», деді Мемлекет басшысы.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.

«Биыл қараша айына дейін Үкімет қаулысымен аталған ұлттық жобаларды және қажетті нормативтік актілерді бекітуді, сондай-ақ жыл соңына дейін осындай жаңа форматта әзірленетін қосымша ұлттық жобалардың тізбесін анықтауды тапсырамын», деді Президент.