Президент • 28 Қыркүйек, 2022

Ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету маңызды мәселе

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету маңызды мәселе

«Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасының әлеуметтік мәні зор. Біз ауыл тұрғындарының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы айтып отырмыз. Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда бұл атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі. Сондықтан жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді ауруханалардың ұлт денсаулығына қосатын үлесі зор екенін атап өтті.

«Алтын сағат» қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол. Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады. Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан 2 есе көп қайтыс болады. Тіпті, жастарымыз да қайтыс болып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді ауруханалар желісі – бұл ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім», деді Преридент.