Білім • 28 Қыркүйек, 2022

«Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасының тиімділігі неде

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасының тиімділігі неде

Президенттің баспасөз қызметі мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылатынын хабарлады. Сондай-ақ аталған жоба жайлы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. 

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу; 

мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету;

оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау;

білім беру қызметінің сапасын арттыру. 

САЛА ҮШІН ТИІМДІЛІГІ 

үш ауысымды және апатты мектептерді жою;

білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жою (қалалық/ауылдық);

білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізу. 

ӘКІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР: 

мектеп салуға жер телімдерін беру;

инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу;

Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу;

мектепті пайдалануға берудің бекітілген жоспарын уақытылы  орындау;

Жобаны іске асырудың алғашқы жылында оқушы орны тапшы аймақтарда мектептер салуды қамтамасыз ету.