Медицина • 28 Қыркүйек, 2022

Ауылдық денсаулық сақтау саласы модернизацияланып жатыр

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауылдық денсаулық сақтау саласы модернизацияланып жатыр

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау ұйымдары желісіндегі нормативтерге төмендегідей өзгерістер енгізу көзделген: 

50 тұрғынға дейінгі ауылдарда медициналық қызметкердің болуы;

Медициналық пункт – 50-ден 500 адамға дейін;

Фельдшерлік-акушерлік пункт – 500-ден 1500 адамға дейін;

Дәрігерлік амбулатория – 1500-ден 5 000 адамға дейін;

АМСК орталығы – 5 000-нан 30 000 адамға дейін.

НЕГІЗГІ ШАРАЛАР 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (АМСК) 655 нысанының құрылысы, оның ішінде: 

АМСК 228 жаңа нысан, оның ішінде:

- 123 медициналық пункт,

- 77 фельдшерлік-акушерлік пункт,

- 28 дәрігерлік амбулатория.

 

Қолданыстағы АМСК нысандарының орнына 427 нысан, оның ішінде:

- 130 медициналық пункт,

- 165 фельдшерлік-акушерлік пункт,

- 132 дәрігерлік амбулатория. 

ЖОБА АЯСЫНДА МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 

2022-2024 жылдары 16 570 мейіргерлер мен 17 585 фельдшер дайындықтан өтеді; 

Медициналық жоғары оқу орындарында жыл сайын 2 200-ден астам жалпы практика дәрігерлері дайындықтан өтеді.