Спорт • 28 Қыркүйек, 2022

Gamarjoba, Грузия!

165 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы Ұлттар лигасында тамаша өнер көрсетіп, «В» дивизионына жолдама алған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчта Магомед Адиев шәкірттері «С» дивизионының төртінші тобында үздік шыққан Грузия құрамасымен ойнайтын болды.

Gamarjoba, Грузия!

Болгария, Солтүстік Маке­дония және Гибралтар секілді мықты құрамалармен бір топта сынға түскен Грузия алты турда 16 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Екінші орынға 9 ұпайы бар Болгария құрамасы ие болса, Солтүстік Македония үшінші орынмен

(7 ұпай) лигадағы орнын сақтап қалды. Ал бір ұпаймен көш соңында қалып қойған Гибралтар «С» дивизионда қалу үшін елек­тік матч өткізеді. Грузия футболшылары алты турдың бесеуінде қарсыластарынан басым түссе, тек бір кездесуінде ғана ұпай бөлісті.

Қазақстан мен Грузия бү­гінге дейін жасыл алаңда төрт мәрте ресми матч өткізген. Өкі­­ніш­ке қарай, соның үшеуінде жер­лестеріміз же­ңіліс­тің кер­­­мек дәмін татуға мәжбүр бол­ды. Бір кез­десуде қар­сы­лас­та­­рымызбен тең түстік. Ең ал­ғаш екі елдің фут­бол­шы­лары 2005 жылы әлем чем­пио­натының іріктеу ке­­зеңінде кез­­десті. Алматыда өт­кен ал­ғашқы матчта қонақтар 1:2 есе­­бімен жеңіске жетті. Кез­­десу­­дің есебін 23-минутта Да­нияр Кенжеханов ашқанымен, екінші таймда грузиялық фут­бол­шылар екі гол соғып, таразы ба­сын өздеріне аударды. Ал Гру­­зияда өткен қарымта матчта есеп ашылған жоқ – 0:0.

Кейіннен екі құраманың жолы 2018 жылғы Ұлттар лигасының алғашқы маусымында қайта түйіс­ті. Астанадағы алғашқы матч­та жерлестеріміз қонақтарға 0:2 есебімен жол берді. 69-минутта Гиорги Чакве­тадзе есеп ашса, арада бес минут өткенде Сергей Малый бай­қау­сызда өз қақпамызға гол соғып алды. Сырт алаңдағы жа­уапты матчта да Грузия фут­болшыларының мерейі үстем бол­ды – 2:1. Гиор­ги Чакветадзе мен Георгий Ме­ребашвилидің голда­рына 90-минутта Оралхан Өмір­таев бір голмен жауап қайтар­ды.

Бұдан бөлек, құрамалар екі мәрте жолдастық матч өткізді. 2013 жылғы кездесуде Қазақстан 1:0 есе­бімен жеңіске жетсе, 2016 жылғы бәсекеде тең есеп тіркелді – 1:1.

Енді, міне, екі ел арасындағы жетінші кездесу 2024 жылдың наурызында Тбилисиде өтеді. «С» дивизионының бірінші плей-офф матчында Қазақстан мен Грузия, екіншісінде Түркия мен Грекия құрамалары сынға түседі. Сөйтіп үздік шыққан екі құрама финалда кездесіп, жалғыз жолдаманы сарапқа салады. Егер, Қазақстан ұлттық құрамасы осы екі матчта да қарсыластарынан басым түсетін болса, онда 2024 жылы Германияда өтетін кәрі құрлық біріншілігіне тікелей жол­дама алады.

Жалпы, УЕФА ережесі бо­йын­ша, Ұлттар лигасынан үш құрама Еуропа чемпионатына жолдама ала алады. Бұған дейін Еуро-2020-да 4 командаға мүмкіндік берген. Осы жолы үш квота бөліп отыр. Яғни А, В, С ди­визиондарының үздіктері Германия жасыл алаңдарында доп тебеді. Биылғы турнирде «А» лигасында Хорватия, Испания, Италия және Нидерланд құра­ма­лары үздік шықса, «В» лигасында Шотландия, Израиль, Босния және Герцеговина мен Сербия құрамалары бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ 9 қазанда Герма­нияның Франкфурт қаласында Еуропа біріншілігі іріктеу кезе­ңінің жеребесі тартылады. Ке­лесі жылдың наурыз және қа­раша ара­лығында өтетін іріктеу сайыстарында жеңімпаз атанған құрама мен екінші орынға ие болғандар Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Оларға Ұлттар лигасы арқылы жолдамаға қол жеткізген үш құрама қосылады. Егер Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар іріктеу ке­зеңдерінде жолдамаға иелік етсе, онда ол топта рейтингте ке­лесі тұрған команда плей-оффқа қа­тысады.