Саясат • 29 Қыркүйек, 2022

Кандидаттың шығыны өтеледі

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру, кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы мәселелер талқыланды.

Кандидаттың шығыны өтеледі

Сондай-ақ сайлаушылар тізіміне қа­тысты ұйымдастыру және прези­денттікке кандидаттың сайлау қоры туралы сөз болды.

Орталық сайлау комиссиясы төра­ға­сының орынбасары Константин Пет­ров­тың мәліметінше, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республиканың сайлау­шылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар 11 827 277 азамат енген.

Уақытша тіркелген азаматтар, тіркеуі жоқ азаматтар, сондай-ақ сайлаудан ке­мiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзi­нiң тiркелген орны бойынша сайлау учас­ке­сіне келе алмайтыны белгiлi болса, сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бас­тап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Жа­тақ­ханаларда тұратын, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру­дің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндiзгi оқу нысанында оқитындар сай­лау­шылардың тiзiмiне жатақхананың орна­ласқан жерi бойынша енгiзiледi. Вах­талық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін.

Лингвистикалық комиссияның құ­рылуы туралы Орталық сайлау комис­сия­сының хатшысы Мұхтар Ерман баян­дама жасады. Ол президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін мең­гергенін анықтайтын бес адамнан тұратын тіл ма­мандары мен басқа да мамандар кіре­тін лингвистикалық комиссияның қоры­тындысымен анықталатынын хабарла-
ды.

Орталық сайлау комиссиясының мү­шесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, мемлекет президенттікке үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларын жариялауы үшін қара­жаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Заң бойынша үміткерлерге өз бағ­дар­ла­маларын БАҚ-та насихаттауы үшін: теледидарда – 15 минут; радиода – 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарын­да немесе желілік басылымдарда 0,1 бас­па табақтан аспайтын екі мақала жария­лауға қаражат бөлінуі көзделген. Бұдан бөлек, республикалық бюджет қара­жа­тынан кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге; үгіт мате­риалдарын шығаруға; көлік шығындарына қаражат қарастырылған. Президенттікке кандидаттың әрқайсының шығын мөлшері 10 312 600 теңге көлемінде бел­гі­ленген.