Асыл тұқымды еділбай қойы негізінен бір қозы туатыны селекциялық тәжірибеден жақсы белгілі. Осыған қарамастан, биыл төрт қозы туған саулық соңғы екі жыл қатарынан үшеуден төлдепті. Алайда, қақаған қыста төлдегендіктен, нәзік, қызылшақа қозылар өліп қала береді екен. Ал биылғы төрт қозы ойнақтап, қоң жинап келеді.
Таңсықты көрмек үшін іздеп елге барғанда, қой өрістен келіп жатыр екен. Саулықты бөлектеген үй иесі аналықтың жанына төрт қозысын қатар жіберді. «Қой сүйеді баласын қоңырым деп...» ауыз әдебиетінде айтылғандай, аналық қой төрт төліне қатар еміренеді. Қозылар болса, таласа-тармаса анасының емшегін сорғылауға кірісті.
– Мұндай жағдайда саулық сүті біріне көп, біріне артық кетуі мүмкін. Сондықтан қозыларды екеуден шығарып, кезекпен емізуді қажет деп тауып отырмыз. Әрі қосымша сүт береміз, – дейді үй иелері.
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы.
Суретте: еділбай қойы төрт қозысымен.

Өскеменде көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Құтқарушы • Кеше
Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Оқиға • Кеше