Анықталғандай бала өз үйінің жанында ойнап жүрген. «Toyota Cresta» көлігін басқарған 38 жастағы ер адам баланы басып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Облыс полицейлері қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», деп қосты облыстық ПД баспасөз қызметі.