Хоккей • 29 Қыркүйек, 2022

ҚХЛ: «Барыс» «Спартакты» жеңді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті қонақтық матчта елордалық «Барыс» мәскеулік «Спартакты» жеңді. Мәскеуде өткен кездесу 3:1 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХЛ: «Барыс» «Спартакты» жеңді

Ойынның бесінші минутында «Спартак» өкілі Захар Арзамасцев елордалық команданың қақпасына шайба соқты. Екінші кезеңде ешкім гол соға алмады.

Бірақ соңғы жиырма минуттың 11-ші секундында Джереми Бракко есепті теңестірді. Содан кейін Аркадий Шестаков алшақтықты арттырды. Ал 54-ші минутта Егор Петухов «Барыстың» табысын бекітті.

Айта кетсек, 2 қазанда «Барыс» «Сочимен» кездеседі.