Мемлекет басшысына Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенкомен кездесті
Президент • Бүгін, 13:28
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қарағандыда күдікті 14 млн теңге ұрлап, құмар ойынға жұмсаған
Оқиға • Бүгін, 12:39
Ақмолада вейп саудасы тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 12:36
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады
Спорт • Бүгін, 12:17