Саясат • 30 Қыркүйек, 2022

БАҚ өкілдеріне бағытталған курс

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы басшылығы Президент сайлауы аясында республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері үшін оқыту курсын өткізді.

БАҚ өкілдеріне бағытталған курс

Электоралдық оқыту орта­лығының базасында респуб­ликалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының 60-тан астам өкілі «Қазақстан Республи­касындағы сайлау процесі: теория және практика» тақырыбын­дағы оқыту курсына қатысты. Ортсайлауком тарапынан спикерлер ретінде ОСК төр­ағасының орынбасары Константин Петров, Ортсайлауком мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегор­цова, Асылбек Смағұлов, сон­дай-ақ аппарат қызметкерлері таң­­далып, сайлауға қатысты тәжі­рибелерімен бөлісті.

Оқыту курсы БАҚ өкілдеріне Прези­дент сайлауын өткізу­дің ерекшеліктерін, ағым­дағы электоралды науқан­ның негізгі кезең­дерін, БАҚ-тың президенттікке кан­дидат­т­ар­дың сайлау алдындағы үгіт пен сайлауды ақпараттық қамта­­ма­сыз етудегі рөлін, элек­торал­дық науқан кезеңін­дегі фактчекинг­тің рөлін, сайлау про­цесіндегі журналистердің құқық­тары мен міндеттерін, сайлауды ақпараттық жария етудің халық­ара­лық стандарттары мен қағи­даттарын түсін­діруге бағытталған.

Семинарда қатысушылар сайлау процесіне қатысушы­лар­ды оқыту, мүгедектігі бар адамдар­дың сайлау құқық­тарын қамтама­сыз ету, Прези­дент сайлауын мемле­ке­т тарапынан және мемлекеттік емес көздерден қаржыландыру, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелерімен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға енгізілетін жаңашыл­дық­тармен танысты.

Электоралдық оқыту жөнін­дегі жоспарға сәйкес, бұл 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындал­ған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде жоспар­лан­ған сайлау процесіне қатысушы­лар үшін Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын 10 семинардың бірі. Бұған дейін 21-23 қыркүйекте еліміздің барлық өңірі­нен келген жастар ұйымы­ның өкілдері үшін семинар өткі­зіл­ген болатын. ОСК келесі семинарды осы жыл­дың 5-7 қазан аралығында Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың өкілдеріне арнап өткізуді жоспарлап отыр.