Елорда • 30 Қыркүйек, 2022

Елордалық зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

1 қазан- Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.

Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін беріледі.