Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Ядролық сынақтардан зардап шеккендерді оңалтуға баса мән беріледі - Президент

1151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселесіне баса мән берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ядролық сынақтардан зардап шеккендерді оңалтуға баса мән беріледі - Президент

«Семейде еліміздегі негізгі медицина университеттерінің бірі орналасқан. Қазір менің тапсырмаммен білім ордасы жанынан көпбейінді аурухана салу мәселесі қарастырылып жатыр. Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр», деді Президент.

Оның айтуынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды оңалту мәселесіне баса мән беріледі.