Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады

«Биылғы референдум нәтижесі бағдарымыздың дұрыстығын көрсетті. Жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі», деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары тың тәсіл, яғни аралас жүйе бойынша сайланады.

«Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді. Саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды», деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше