Экология • 30 Қыркүйек, 2022

Экология мәселесі әрқашан өзекті - Президент

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде экология мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология мәселесі әрқашан өзекті - Президент

«Экология мәселесі әрқашан өзекті, тіпті, ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек болады. Себебі, тұрғындардың денсаулығы, тұрмысы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан, экологиямен айналысатын арнайы министрлік құру менің Президент қызметіндегі алғашқы шешімдерімнің бірі болды», деді Президент.

Осы ретте ол «Бірге – таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Бұл – барша халқымызды ұйыстырған маңызды бастама. 2020 жылдан бері менің тапсырмам бойынша елімізде екі миллиард ағаш отырғызу шарасы басталды. Жалпы, біз осы бағытта әлі де өте көп жұмыс атқаруымыз керек», деді Қ.Тоқаев.