Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2022

Атырауда 500 адам қаржы пирамидасынан зардап шекті

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында биылғы 6 айда экономикалық қылмысқа қатысты 25 құқық бұзушылық дерегі тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда 500 адам қаржы пирамидасынан зардап шекті

Ал қаржы пирамидаларына 500 адам алданып қалған. 

Облыстық экономикалық тергеу департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Бекболат Әнесовтің ақпаратына қарағанда, 6 айда 43 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 26 қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа 20 қылмыстық іс жолданған.

«Ал 6 іс өндірістен тоқтатылды. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың мөлшері 1,3 млрд теңгені құрады. Бюджетке 495,3 млн теңге кері қайтарылды. Жалпы сомасы 206,6 млн теңгені құрайтын мүлікке тоқтам салынды. Қылмыстық жолмен табылған заңсыз қаржыдан 701,9 млн теңге қайтарылып отыр», дейді Бекболат Әнесов. 

Жыл басынан бері қаржы пирамидаларынан 500 адам зардап шеккені анықталыпты. Осыған байланысты тиісті іс-шаралар жүргізіліп, қаржы пирамидасы түрінде жұмыс істеген 120 әлеуметтік медиа сайт пен аккаунт жабылған.