Оқиға • 30 Қыркүйек, 2022

Елордада ұландықтар ғимараттағы өртті сөндіріп үлгерді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 29 қыркүйекте сағат 18.00-де Байқоңыр ауданында
қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне кіріскен автопатруль бастығы аға
сержант Рахмет Нұртас Балқаш жолымен автопатрульмен жүріп келе жатып,
жеке сектордағы үйге іргелес бір қабатты құрылыстан түтін шығып
жатқанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ұландықтар ғимараттағы өртті сөндіріп үлгерді

Осыдан кейін 10 әскери қызметшіден құралған әскери жасақ учаскені
қоршап алып, өртке қарсы қызметке 101 нөмеріне қоңырау шалады, сондай-
ақ полиция қызметкерлерін шақырады. Өрт сөндірушілер тобы келгенге
дейін олар өртті өз беттерінше сөндіре
бастаған.

- Жеке тұрғын үй секторынан шыққан түтінді байқаған соң, әскери
жасақпен бірге дереу өрт орнына жүгірдік, онда моншаның өртке оранып
жатқанын көрдік. Әскери жасақ өрт болған жерді оқшаулап тұрғанда, мен
ішке жүгірдім – бөлмелерде адамдардың, жануарлардың және жарылғыш
заттардың бар-жоғын тексердім. Бақытымызға орай, ешкім де, ештеңе де
болған жоқ, - деді аға сержант Рахмет.

Құрылыстың иесі 5573 әскери бөлімінің әскери
қызметшілеріне қырағылық танытқаны және өртті сөндіруге көмектескені үшін
алғысын білдірді.

Сағат 18.40 шамасында күзетшілер өздеріне сеніп
тапсырылған учаскелерде қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін жалғастырды.