Бизнес • 30 Қыркүйек, 2022

Үкіметте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің нақты мәселесі бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

Жиын барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері салық преференцияларына, жер қатынастарына, көлік шығындарын субсидиялауға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге және басқа да мәселелерге қатысты түйіткілдерді көтерді.

Жиын қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев бірқатар тиісті тапсырмалар берді, соның ішінде белгіленген мерзімде реттеуші актілерді талдауды аяқтау бойынша.