Ол «қорқынышты» лақап аты бар аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен (31-4-1, 17 КО) титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Жекпе-жек бірауыздан қабылданған шешім бойынша қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Марсело Эстебан Косерес бесінші рет жеңіліске ұшырады.