Коронавирус • 02 Қазан, 2022

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 43 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Сондай-ақ 2 қазандағы мәлімет бойынша, 1 255 адам коронавирус инфекциясынан (–1 117+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 134 пациент стационарда, 1 121 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 3 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген баспасөз таратқан ақпаратта.