Кино • 03 Қазан, 2022

«Ағайындылар» фильмі жүлделі болды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметлі фильмі Oldenburg International Film Festival (Германия) кинофестивалінде жүлдеге ие болды.

«Ағайындылар» фильмі жүлделі болды

Мәдениет және спорт ми­­нис­трлігі хабарлағандай, кинокарти­на қазылар алқасының арна­йы сыйлығы – Spirit of Cinema («Кино рухы») аталымы бойынша марапатталды. Жүлде ретінде режиссерге қола мүсінше табыс­талды.

«Ағайындылар» – Ольденбург халықаралық кинофестивалінде көрсетілген алғашқы қазақстандық фильм. Сонымен қатар картина АҚШ, Канада, Ресей және Ал­ба­ниядағы фестивалдердің ресми бағдарламаларына кірді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орта­лы­ғының көмегімен түсірілген фильм отандық прокатқа келесі жыл­дың басында шығады.

Айта кетейік, Oldenburg International Film Festival 14-18 қыркүйек аралығында өткен болатын.

в

 

Соңғы жаңалықтар